Қазақ жанының жыршысы

«Халқымның елдігіне, рухына қажет мәдени қазынаны жаратқан алып тұлға арыстарымыз бен асылдарымыздың қатарында біз бүгін Ілияс Жансүгіров есімін айрықша атаймыз. Оның ұланғайыр шығармашылығы «Өнер алды – қызыл тіл» деп, сөз өнерін қадірлеп, өнерпазын қастерлеген текті жұрттың поэтикалық дәстүрінен қуат, серпін алған аса бір дарынды, терең де нұрлы ағыс болып көрініс береді».

Н.Ә.Назарбаев

Қазақтың Абайдан кейінгі замандағы аса дарынды ақыны Ілияс Жансүгіровті, әдетте, өзі шалқар шабыт, керемет құштарлықпен көсіле жырлаған Ақан серінің Құлагеріне ұқсастырады. Ілияс поэзиясы – ойға қанат, сезімге нәр беретін, ешқашан ескірмейтін, мәңгі жас поэзия.

Мұхтар Әуезов

Өзі өлгенімен сөзі өлмейтін ерлер болатыны ежелден белгілі. Ілияс сол ерлердің бірі. Ол алдымен ақын еді. Ақындардың бәрі бірдей есте қала бермейді. Ақын, жазушы деген құрметті атаққа қол созушы көп, жететіндер аз. Ілияс сол аздың, бірегейдің бірі. Ол арамыздан ерте кетті, аларын түгел ала алмай, берерін түгел бере алмай кетті. Бірақ аты, қалдырған сөзі халқымен бірге жасап келеді, бұдан әрі де жасай береді.

Ғабиден Мұстафин

 

І.Жансүгіров – қазақ әдебиетінің көгіндегі аз ғана жарық  жұлдыздардың бірі.

Әбділда Тәжібаев

 

Ілияс Жансүгіров поэзиясы ерекше екпінмен өрши өрбіп өсер қуатты жойқын поэзия. асқақ ақынның поэмаларындағы терең тебіреністері, бұрқ-сарқ қайнаған талмайтын ойлары, қазақ ақынының әлемдік поэзия айдынында өзге озық ақындармен қатар тұрғанының дәлелі. Мәңгілікке бет қойған Ілияс Жансүгіровтің поэзия жалауы қазақ жырының көгілдір аспанында мәңгі толқи тербеліп тұратынына даусыз  сенеміз.

Роллан СЕЙСЕНБАЕВ

Ілияс Жансүгіровті қазақ әдебиетінің шаң жұқпас жүйрігі, жыр Құлагері, поэзиямыздың бар саласына үлес қосып, поэма жанрын қол жетпес биікке көтеріп, күні бүгінге дейін үлгі шашып, дәстүр жасаған қайраткерлігін әрқашан бірінші орынға қойған абзал. Ілияс Жансүгіров ең алдымен қазақ поэзиясындағы ұлы таулардың бірі, жыр Құлагері.

Тұрсынбек Кәкішев 

Егін, шөп сияқты әдебиеттің де шығымды не шығымсыз жылдары бар. Әдебиетті жазушы жасаса, жазушыны талант жасайды. Талант бап талғайды, бабы табылмаса, толықтай жатып солады, не өзінен зорға соқтығып өледі. Ілиястікі бабы табылған, лениндік идеямен суарылған, адамшылық ең жоғары арманға – коммунизм көктеміне самғаған, қажымайтын, кір шалмайтын жарқын талант.

Ғ.Мұстафин

Ілиястың алған ілімі – ұшан теңіз екендігі, оның шығармаларындағы әр ғасырға тән атаулар, аспан мен жер ілімінің, өзге де толып жатқан құпия сырлары мен халық арасындағы һәм көне және жаңа ғылымдағы атауларды түсіндіре қолдануынан айқын байқалады. Демек, Ілиястың сөздік  қоры да біршама тілдермен өлшенеді. Тек бір ғана анық – Алашорда мен Ілиясты бүгінгі заман талабымен қайта бағалап, құтты қонысына қондыратын уақыт жеткендігі!..

                                                        Ж. Хамай

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s