Өмірбаяны

1367491811_ilyas-zhansugurovӘйгілі ақын, драматург, сөз зергері Ілияс Жансүгіров бұрынғы Қапал уезі, Ақсу болысында (қазіргі Алматы облысы, Ақсу ауданы) туған. Ілияс жас күнінен бастап ән мен күйге, өлең-жырға құмар болып өседі. Жас Ілияс ұлы Абайдың поэзиясымен танысқаннан кейін өзінде бір ерекше сергектік, сілкініс, жаңалық сезінеді. Өз үйінде әкесінен хат танып,молда алдын көрген Ілияс жүйелі түрде білім алмақ болып Алматыға келеді, мұғалімдер институты жанындағы қысқа мерзімді курста оқиды. Жас азамат Қазақ ағарту институтында, Жетісу облыстық «Қосшы» комитетінде, губерниялық оқу бөлімінде, «Тілші» газетінің редакциясында қызмет етеді, ауыз өдебиеті үлгілерін жинайды. Газет — журналдарда алғашқы өлеңдері басылып шыға бастайды. 1928 жылы «Сағанақ» деген тұңғыш кітабы шығады. Ілияс Жансүгіров 1925-1928 жылдары Москвадағы Коммунистік журналистика институтына түсіп, орыс, Европа классиктерінің шығармаларын тереңдеп оқиды. Бұл тәжірибе ақын талантының жарқырай ашылуына әсер етеді. Елге оралған соң «Еңбекші қазақ» газетінде істеп, 1934-1935 жылдарда Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы болады. 1935-1937 жылдары көркем әдебиет баспасында поэзия бөлімін басқарады. КСРО жазушыларының I съезіне қатысады. Қазақ поэзиясының ерен жүйрігі, «қазақ поэзиясының Құлагері» 1938 жылы жазықсыз жазаға ұшырайды. Ол 1927-1938 жылдары өндірте жазып, поэзия, проза, драматургия, сын, аударма саласында жиырмадан астам кітап шығарып, артына мол өдеби мұра қалдырды. Ақынның эпикалық шығармаларындағы бейнелеу тілінің байлығы, сонылығы, стиль өрнегі, құйылған сөз тасқыны, адуынды күші Ілияс Жансүгіров ті қазақ халқының сүйікті қаламгерлерінің бірегейі етті.

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s