Қазақ поэзиясының «Құлагері»

1305553365_0Қазақ әдебиетінің классигі, шоқтығы биік ақын, прозаик, драматург, фельетоншы, очеркші, қоғам қайраткері- Ілияс Жансүгіров.
Бұл суретте Ілияс әлі отызға да келмеген болатын. Алайда ол  сол кезде-ақ өз заманының азуы алты қарыс дарын иесі, сырлы сөз шебері, күш-қуаты тасыған шығармашыл тұлғасына айналған. Дегенмен елді тамсандырған шығармалары, өле-өлгенше сүйіп өткен жары, балаларының анасы, туындыларының музасы Фатима Ғабитовамен өткізген бақытқа толы жылдар әлі алда болатын.  Отбасылық суреттер топтамасының келесі бір жәдігерінде Крамскойдың «Белгісіз ару» туындысының көшірмесі іспетті Фатима Ғабитованың бейнесі жарқ ете қалады. Жазушының жары табиғатынан ерекше жаратылған сұлу, данагөй, ұлағатты ұстаз, ғалым әрі дарынды ақын болатын. Тағдыр тәлкегіне мойымаған  әйел тәкаппар қалпын сақтап қалған. Ілияс Жансүгіровтың махаббат лирикасы тек жарына, Фатима Ғабитоваға арналған.
 «…Әне анау әдемі өзен суы емес пе?
Шоқ шапақ алтын күннің буы емес пе?
Мен сендік мәңгі  жаным дегеніне;
Ұлы өзен , бейуақ, жұлдыз  куә емес пе?
Жүректен бір  махаббат лебі соғып
Бетіңе қызғылт қаның тұрды соғып
Қан қайнап,  тіл байланып, жүрек жанып,
Жүр! -дедім қатты  қысып сүйіп болып. >>…
Ақиық ақын өмірі өз халқының жарқын болашағына деген үмітке толы болған.. Оның масаттана отырып:
«Біздер — Күннің ұрпағымыз,
Біз – жарықтан жаралған өр халықпыз,
Сондықтан да төрді алыппыз,
Сондықтан да өр-алыппыз!
Үлкен-кіші, баламыз да,
Күннен қуат аламыз да,
Төскей төрін жастанамыз,
Біз халықпыз- ақсаралы!» -деп жырлаған.
 Жазушы өмірінің әрбір сәті — жасампаздықтың, рухани үйлесімнің көрінісі. Ілияс Жансүгіровтің қаламы жүйрік, әрбір шығармасы ауқымды әрі өткір. Ақын ойын тезірек білдіріп, толғаныстарын қағазға түсіруге асыққандай. Қамшының сабындай қысқа ғұмырында бес том шығарма жазып үлгерген. Алтыншы томы дайын болғанымен, жарық көре алмады. «Осынша толағай тереңдікті, қазақ халқының алғыр бітім-болмысын, бояуы сорғалаған тіл байлығын, алуан түрлі теңеулер мен қилы құбылыстарын, орасан күш-қуатын, тегеурінін, қазақы тілдің көркемдігін басқа авторлардан іздеп табу қиын»,- деп жазады ғасырға жуық уақыт өткенде қазақстандық көсемсөзші Герольд Бельгер.
 «Ілияс Жансүгіров  — халық аңыз-әфсаналарының буырқанған қайнар көзінен қуат алған ақын. Қаламгердің терең тынысты, танымдық шығармалары туған өлкесінің ғажайып сұлулығын танытады. Жетісу өлкесін жырлағанда тау өзендерінің лебін, қарлы мұзарттардың ұлылығын, тұнып тұрған табиғаттың шетсіз-шексіз жаратылысын паш етеді» — деп, еске алады Ілияс Жансүгіровтың өлеңдерін орыс тіліне аударған ақын Всеволод Рождественский.
Заманының озық ойлы ақыны, қазақ әдебиетінің классигі Ілияс Жансүгіров 1894 жылы 1 мамырда қазіргі Алматы облысы, Ақсу болысы, Қапал уезінде дүниеге келген. Ол жастайынан арабша хат танып, қазақ фольклоры мен Абай поэзиясын жаттап өседі. Жетісуға танымал зайырлы «Мамания» мектебінде тамаша білім алған. Өмірбаян беттерін ақтара отырып, Ілияс Жансүгіровтың 1935 жылдың 15 қарашасынан бастап, ұстаз, ақын, тілші, көрнекті қоғам қайраткері ретіндеқазақ қоғамы мен әдебиетінеөлшеусіз үлес қосқан еңбек жолын көреміз. Кеңес үкіметі құрылған соң, 1920 жылы Жансүгіров Алматыға көшіп келіп, қысқа мерзімді педагогикалық курсқа, сол жылдың күзінде-ақ мұғалімдер дайындайтын екі жылдық курсқа түседі. 1922 жылдың күзінде облыстық «Тілші» газетінің қызметкері болып жұмысқа орналасады. Өлеңдер, фельетондар, әңгімелер жазады. 1925 жылы Мәскеуге барып, коммунистік журналистика институтына түседі. Осы оқу орнын 1928 жылы аяқтайды. Елге оралған соң аймақтық «Еңбекші қазақ» газетінде 1932 жылға дейін жұмыс істейді. 1932 — 1935 жылдар аралығында Ілияс Жансүгіров Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы қызметін атқарады. 1936-1937 жылдары, тұтқындалғанға дейін, ол Қазақ көркем әдебиет баспасының поэзия бөлімінің редакторы болып істейді.
Бір қарағанда, қып-қысқа өмірбаян артында жүрегі қазақ деп соққан аптал азаматтың самаладай жарқыраған тағдыры жатыр. 1936 жылдың қарашасы мен желтоқсанында «Социалистік Қазақстан» газетінде Ільяс Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасы жарық көреді. Газет дүңгіршіктерінің алды кезекке толы. Қазақтың ардақты ұлдарының бірі — ақын, әнші, сазгер, Ақан сері мен оның жанқияр досы — тұлпары Құлагердің тағдыры қалың оқырманның сүйіп оқитын шығармасына айналады. «Құлагер» — ақынның рухани мұрасы және бүтін бір халықтың басына төніп келе жатқан сталиндік қуғын-сүргін зұлматын алдын ала ескерту болатын. Бұл оның  тұтқындалар алдындағы ақтық туындысы еді.
«Құлагер» поэмасы Ілиястың жан айқайы болатын»,-деп жазды ақынның қызы, Ильфа ІлиясқызыЖансүгірова-Жандосова.
  1936 жыл. Кеңес елінің қай түкпірінде де НКВД (ІІХК) қанды қолы сумаңдап тұрды.  Зауалды заман ызғарын шашқан кез. Бірін-бірі ұстап беру, тұтқындау, ату. Жанкештілер мен жендеттердің дәурені жүріп тұрды. Қазақ зиялыларының бәрі дерлік қуғын-сүргінге ұшырайды. Көзінде от, санасында сауаты бар әрбір азамат елдегі жағдайды ұғына білді. Сайқал саясаттың семсері ақиық ақынды да айналып өтпеді. Ілияс Жансүгіровке ұлттық контрреволюциялық ұйымға қатысы бар деген айып тағылады. 1938 жылдың 26 ақпанында КСРО Жоғары сотының Әскери коллегиясы Ілияс Жансүгіровті ату жазасына кеседі. «Үкім ақтық деп қабылданып, шұғыл түрде орындалсын».
 Ілияс Жансүгіровтың шығармашылық  жоспарлары мен болашаққа үміті мол болатын. Пушкиннің қайтыс болған күнінің жүз жылдығы жақындап келе жатқан. «Мүлде аударылмайтын» болып саналған «Евгений Онегинді»  қазақ оқырманы үшін тәржімалауға тек Ілияс Жансүгіровтың ғана батылы барды. Ілияс Жансүгіровтың аудармаларын зерттеуші Герольд Бельгер: « Неткен ерлік, неткен жанқиярлық, неткен батылдық! Әрбір өлең жолынан өз күші мен дарынына деген сенімділік, уақыт пен халық алдындағы борышына деген адалдық,  Поэзияға деген ынтызарлық сезіледі!» — деп жазады.      Мұхтар Әуезовтың айтуынша, «Евгений Онегин» қазақ тіліне Пушкиннің мерейтойы қарсаңында алты айда аударылған. Алайда Ілияс Жансүгіровтың барлық аудармалары ақын ақталған соң ғана халық қазынасы қорына қайта қосылады. Ақынның отбасы, жары Фатима Ғабитова ақынның теңдессіз поэтикалық туындыларын көзінің қарашығындай сақтап, келешек ұрпаққа мұра етіп қалдырды.
Бүгінде ақынның қызы ИльфаІлиясқызының бастамасымен құрылған Ілияс Жансүгіров Қоры жұмыс істейді. Кітаптар басылып, мұражайлар ашылған, Ілияс Жансүгіровтың атындағы мектептер мен университеттерден мыңдаған шәкірт тәлім алуда. Ұлы қазақ ақынының шығармашылық мұрасы әлемнің көптеген тілдеріне аударылып, фильмдер түсіріліп, спектакльдер қойылады. Тас пен қоладан ақынның өзіне, өшпес поэмалары кейіпкерлеріне  көптеген ескерткіштер орнатылған.
 Қазақ поэзиясының «Құлагері» әлі күнге дейін ойнақшыған асау да әсем ырғағымен көзі қарақты оқырманды сүйсінтумен келеді.
Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s