«Ілияс ізбасарлары» — байқауы

Ақиық ақын  І. Жансүгіровтың туғанына 120 жыл толуына орай өтетін

 «Ілияс ізбасарлары» атты облыстық  әдеби-виртуалды байқаудың

ЕРЕЖЕСІ

 

Байқаудың негізгі мақсаты:  

Әдебиет әлемінде есімі ерекше аталатын, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Ілияс Жансүгіровтің шығармаларын көпшілік арасында кеңінен насихаттау және дәріптеу. Сондай-ақ ақынның шығармалары негізінде оқырманның кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, кітапханаға оқырмандар тарту, жастардың ой–өрісін дамыту, рухани тәлім-тәрбие бере отырып, олардың шығармашылық дарындылығын анықтау және қолдау, шығармашылық әлеуетін ашу.

Байқаудың ұйымдастырылу тәртібі:

Байқауға аудандық, қалалық кітапханалар қатысады. Қатысушы кітапхана өз кезегінде осы тақырыпқа байланысты  мәдени шаралардың (Ілияс оқулары, әдеби кеш, оқырмандар конференциясы, флеш-моб, әдебиет мерекесі, ток-шоу, әдеби карнавал т.б.) бірін ауқымды етіп өткізіп, өңделген электрондық нұсқасын (DVD-дискте) С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық кітапхананың мекен–жайына жіберуі тиіс. Байқау жұмыстары бағаланып, жүлделі орындар  белгіленеді.

Байқау шарттары:

  1. Өткізілген шараның дыбысталып, өңделген бейне түсірілімінің дискісі;
  2. 2-3 дана фото сурет;
  3. І.Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығына арналған слайд.

Байқауды өткізу мерзімі

2014 жылдың наурыз айынан бастап шаралар атқарылып, байқау материалдары қазан айының 1-нен қараша айының 3-не дейін облыстық кітапханаға жолданады.  

 Баға қойылғанда еске алынады:

  • Тақырыптың толығымен ашылуы;
  • Шараның жаңашылдығы, мазмұндылығы мен айқындығы;
  • Көркемдік шеберлігі мен өнер көрсету мәдениеті;
  • Бейнесюжеттің уақыт межесі 15-20 минуттан аспауы.

                 

                    

  Қазылар  алқасы

Қазылар алқасына облыстық кітапхана мамандары, журналистер кіреді.

Қазылар алқасының шешімі талқылауға жатпайды.

 Жүлдегерлерді марапаттау:

Байқауға қатысқан қалалық, аудандық кітапханалардың жолдаған жұмыстарының нәтижесі бойынша комиссия жыл соңында байқау қорытындысын жариялайды:

Бас жүлде – «Ілияс ізбасарлары» атағы;

1 орын;

2 орын;

3 орын;

Ынталандыру жүлдесі – Қаратал, Сарқан аудандық кітапханалары;

Ұйымдастыру комитеті:

Облыстық кітапхананың инновациялық-әдістемелік бөлімі.Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі 91/99. Байланыс телефоны: 8(7282) 24-05-75

Электрондық поштасы: bibseyfull_tald@mail.ru 

 

 

 

 

Инновациялық-әдістемелік бөлім

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

w

Connecting to %s