І.Жансүгіровтің әдеби мұражайы

 музей 1984 жылы 23 карашада Жансүгіровтің туғанына 90 жыл толуына байланысты Талдықорған қаласында ашылған Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығына арналған мәдени-ғылыми мекеме.  Оның экспозициясы кіре беріс зал және 5 бөлімнен тұрады. Мұражайда ақын тәлім алып, ұстаз тұтқан ақындардың суреті мен қазақ ауыз әдебиетінің нұсқалары, ақынның «Күй» поэмасына арқау болған қобызшы Молқыбайдың қобызы, ақын кабинетінде жазу үстелі, күнделікті пайдаланған қағаз-қаламдары, сонымен бірге оның Б.Майлинмен жазысқан хаттары сақталған. Музей Жансүгіровтің қоғамдык қызметімен, Қазақстан халықтары, шет ел тілдеріне аударылған шығармаларының аудармаларымен, түрлі құжаттар және фотосуреттер Қазақстан Жазушылар одағы Қазақ ұйымдастыру комитетінің председателі, Қазақстан Жазушылар одағының алғашқы басшысы ретіндегі ақынның жан-жақты қызметімен таныстырады. Оның кеңес жазушыларының 1-съезі кезінде М.Горькиймен бірге түскен суреті және орыс, шет ел әдебиеті шығармаларынан аударылған басылымдары да осы залға қойылған. Мұражайда ақынның қаламдас достары мен замандастарының фотосуреттері, олар туралы материалдар, сонымен қатар экспозицияда ақынның әдеби шығармашылығын жалғастырушы ізбасарларының суреттері де қойылған. Ақын атына байланысты тарихи жерлердің фотосуреттері мен оның 90 жылдығына арналған экспозициялар, ақынның жеке кітапханасы мен мұрағаты да бар. Мұражайда түрлі мәдени ағарту жұмыстары, әдеби диспуттарөткізіліп тұрады.

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s