Ақсу аудандық тарихи-өлкетану мұражайы

Ақсу аудандық тарихи-өлкетану мұражайыТарих пен танымның қайнар көзі болып табылатын, тарих қойнауынан сыр шертетін ұлағатты орындардың бірі ретінде облыстағы Ақсу аудандық І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейін айтуға болады. Музей Алматы облыстық мәдениет комитетінің 1991 жылғы 3 шілдедегі № 59-шы бұйрығы бойынша бекітіліп, құлагер ақын І.Жансүгіровтың 100 жылдық мерейтойына орай 1994 жылы салтанатты түрде ашылды. Содан бергі жылдарда музей ауданы қонақтары мен келушілерге қажетті деңгейде қызмет көрсетуде.

Музей ғимаратының тарихы сонау Жетісудағы алғашқы білім ошақтарының бірі – Мамания мектебімен сабақтасып жатыр. Мәселен, бұрынғы Мамания мектебі Қарағаштан көшіріліп әкелініп салынған. Ғимарат талай жылдар бойы мектеп интернаттың кейіннен құрылыс техникумының оқу сыныптары болған. Кейіннен оның музей болып қалыптасуына, жәдігерлердің жинақталуына белгілі мұғалім, алғашқы директоры К.О.Омаров көп еңбек сіңірген. Музей қызметкерлерінің басты мақсаты облыс және аудан қонақтарын өлкенің табиғаты мен тарихымен таныстырып, насихаттау. Сондай-ақ музей ісін жандандырып, ғылыми негізде жұмыстар атқару.

Музей экспозициясы жалпы алты бөлімнен және тәуелсіздік бұрышы қойылған кіреберіс бөлмеден тұрады
Ескілік мұраладан бастау алатын «Археологиялық» бөлімде осы өлкенің ежелгі мекендеушілер және олардың тұрмыс-тіршілігі мен мәдениеті жайлы мол мағлұмат береді. Олардың ішінде қазіргі Ақсу ауданының жерінде біздің дәуірімізге дейінгі кезеңде адамдардың мекен еткені туралы археологиялық деректер де бар. Табиғат бөлімінде ауданның жан-жануарлары мен құстар әлемі және тамаша көрсетілген өсімдіктер дүниесі өлкенің табиғи байлығымен жан-жақты таныстырады. Қазақ халқының сан мыңдаған жылдық тарихында бірнеше рет жойылып кету қаупін басынан кешіргені тарихтан мәлім. Келесі «Тарих» бөлімінде қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы күресі туралы экспозициялар орналасқан. Олар 1723-ші жылғы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдары мен бүгінгі мемлекетіміздің шекарасын қасықтай қаны қалғанша сақтап, жеткізген халқымыздың хандары, билері, сұлтандары мен қас батырламыздың суреттері.
Сонымен қатар, музейдің «Этнография» бөлімінде қазақ халқының тұрмыс-салты, мәдениеті мен қорлөнеріне қатысты экспонаттар қойылған. Олар: қазақ киіз үйінің ішкі жиһаздары, тұрмыстық заттар, ұлттық киім-кешектер, күмістелеген ер-тұрман мен музыкалық аспаптар.

Осы музейден Жетісудың атақты ақыны, Алаш зиялыларының бірі – І.Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығына да арнайы бір бөлім берілген. Экспозицияда ақынның өміріне қатысты құжаттар мен фотосуреттер хронология бойынша өрбіп, соңынан оның ізбасарлары – Жетісудың ақын-жазушыларымен аяқталады.

Ақсу өңірінің әр саласында еңбегі сіңіп, ел құрметіне бөленген азаматтарына келесі «Ардагерлер» бөлмесі арналған. Бұл бөлімнің қабырғасында соғыс және еңбек ардагерлерінің суреттері, құжаттары мен марапаттары берілген. Музей әрдайым көпшілікпен және БАҚ-мен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді. Әсіресе, жастар арасында түрлі іс-шаралар өткізіп, олардың патриоттық рухта тәрбиеленуін қамтамасыз етуде.

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

Connecting to %s